Алматы облысында тағы да жер сілкінісі болды
Алматы облысында тағы да жер сілкінісі болды
801
оқылды
ҚР ТЖМ-ға қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні сағат 14:18-те жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 174 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
«Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.5. Эпиорталық координаттары – 41.80° с.е. 77.86° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бір жылда шамамен 12 мың жер сілкінісі тіркеледі. Қазақстанның ең қауіпті апат аймағы – Алматы қаласы. 1887 жылы Алматыда 7,3 балдық зілзаладан 332 адам көз жұмған екен. 1910 жылы магнитудасы 8,2 балды құраған жер сілкінісінен 44 адам қаза тауып, 800-дей үй қираған», – делінген хабарламада.