ҚХП қазақстандықтар лайықты жалақы алуы тиіс
ҚХП қазақстандықтар лайықты жалақы алуы тиіс
295
оқылды
15 наурызда ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Спикер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ол алдымен Халық партиясы еліміздің барлық тұрғындарына лайықты жалақыны қайтару үшін халықаралық конвенцияны ратификациялауды талап ететіндігін айтты. – Барлық адам балаларын оқыту үшін лайықты жалақы алып, жақсы жағдайда өмір сүруі керек, – деді Б.Досмұхамбетова. Сондай-ақ, ол Халық партиясы балабақшалардан бастап халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді және тегін білім беруді қолдайтынын тілге тиек етті. Партия өкілі мемлекет көпбалалы отбасында тәрбиеленген балаларға жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін білім беруге тиіс екенін мәлімдеді. – Халық партиясы әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп баланы тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етеді. Біз мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді жақтаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін олар мүгедектік бойынша жәрдемақы мен зейнетақыны қатар алуы керек, – деді ол. Сөз арасында Б.Досмұхамбетова Халық партиясы жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, халыққа төмен мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанын жеткізді.