Күйлер тарихын баяндайтын фильм
Күйлер тарихын баяндайтын фильм
675
оқылды
Құрманғазының күйлеріне негізделген «Дала шыр­қауы» атты жаңа мультсериал жарыққа шықты. Мультсериал қазақ күйшісі Құр­манғазы күйлерінің тарихын баяндайды. Атап айтқанда, сериал әйгілі күйшінің өмірінде із қал­дыр­ған оқиғалар – XIX ғасырдағы қазақ халқының өз жерін қорғау әрекеті мен оның отаршылдардан көрген азабы жайлы сыр шертеді. Жобаны Tasqyn Studio дайын­даған. Компания өкілдері бұл туын­дыны – қазақ музыкасының дәстүрін анимацияда бейнелеудің алғашқы қадамы деп бағалап отыр.
«Біз халқымыздың мәдени мұ­ра­сын қалың жұртшылыққа та­нытып, талғампаз қазақ көрер­мендерімен қатар барлық ұлттар мен әр жастағы көрермендер ара­сында қазақ мәдени-этникалық мұрамызға деген қызығушылықты оятқымыз келеді», – деді студия қызметкерлері.
Сериалдағы күйлерді күйші Абылай Тілепберген орындаған. Ал сценариі нақты тарихи оқиға­лар мен мифтік аңыздарға негіз­делген. Жалпы, анимациялық сериал­дың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады. Әр эпизод 40 минутты құ­райды.

Б.ИКРАМОВА