Сайлау-2023: «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді
Сайлау-2023: «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді
Фото: parlam.kz
Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді. Ерлан Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.    width= Ол тек демократиялық әділ сайлау нәтижесінде және жастардың саяси аренаға еркін, кедергісіз келуі арқылы ғана кемел қоғам қалыптасатынын атап өтті.🗣 «Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Халық өте белсенді. Біз үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық өңірін аралап, азаматтардың саяси өмірге араласуға деген қызығушылығы артқанына көз жеткіздік. Бүгінде әркімнің өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дауыс бергені маңызды», – деді Ерлан Қошанов.