Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те өз таңдауын жасап, дауыс берді. Қала басшысы Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне келді.
– Еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Бұл сайлау еліміздің одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенемін. Қазақстан Республикасының азаматы, Шымкент қаласының тұрғыны ретінде мен де дауыс беріп, өзімнің азаматтық борышымды өтеуге келіп тұрмын, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сонымен бірге қала әкімі сайлау заң талаптарына сәйкес өтеді деп сенім білдірді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында №512 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жалғасуда. Қалада белсенді дауыс беру құқығына ие 639 663 сайлаушы бар. Барлығы 1 қалалық, 5 аудандық және 512 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оған қоса бұл жолғы сайлауда бір мандатты сайлау округтері де құрылғаны белгілі. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне 2 округтік, ал, Шымкент қалалық мәслихатына 16 округтік сайлау комиссиялары өз жұмысын атқарып жатыр.