Қазақстан демократия жолына нық қадам басып келеді – шетелдік байқаушы
Қазақстан демократия жолына нық қадам басып келеді – шетелдік байқаушы
Бүгінгі сайлау процесі барлық жағынан ережелер мен талапқа сәйкес өтіп жатыр. Бұл туралы шетелдік байқаушылар брифингінде Норвегия мен Польшадан келген байқаушылар мәлімдеді. Халықаралық байқаушылар Астана қаласына келіп, Мәжіліс пен мәслихат сайлауы процесіне куә болып, тәжірибе алмасып жатқандарына риза екенін жеткізді.
– «Демократия ұзақ та күрделі процес. Ол бір күнде орнайтын жүйе емес. Қазақстан қазір демократия жолына нық қадам басып келеді. Соның бір дәлелі бүгінгі сайлау процесі. Таңнан бері өзіміз болған сайлау учаскелеріндегі жағдай бірқалыпты. Барлығы заңнама шеңберінде өтіп жатыр» – деді Оңтүстік Шығыс Норвегия университетінің лекторы Гленг Холе.
Польшадағы «Бойма» атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі Ежи Олендзкий де бүгінгі сайлау процесі жайлы өз пікірін білдірді.
– «Бүгін Қазақстанда тарихи сәт орын алып жатыр. Шетелдік байқаушылар қатарында сол маңызды сәтті қалт жібермей бақылап отырмыз. Мен де дауыс беру басталғалы үш сайлау учаскесінде болдым. Барлығы дұрыс ұйымдастырылған. Мұны басқа әріптестерім де растайды» – деді Ежи Олендзкий.