«Бүгін көңілім көтеріңкі. Сайлауға әркім келіп, өз таңдауын жасауы тиіс деп санаймын. Әсіресе, жастарды саяси белсенділікке баулу керек. Олардың әрқайсысы сайлауға қатысса, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ», – дейді тракторшы.Оның учаскесі Юрий Гагарин атындағы орта мектепте орналасқан. №574 сайлау учаскесінің төрағасы Михаил Ярышевтің айтуынша, мұнда 1850 сайлаушы тіркелген. Соның 200-ден астамы сағат 12:00-ге дейін өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп үлгерді. 12 адам өз үйінде дауыс беруге өтініш білдірген. Өмірінде алғаш рет дауыс беретін 4 адам бар.
Солтүстік Қазақстан облысы