Желіде Жанар Дұғалованың күйеуінің видеосы пайда болды
Желіде Жанар Дұғалованың күйеуінің видеосы пайда болды
8,311
оқылды
Отандық әнші Жанар Дұғалованың кеше ұзату тойы өтті. Өнер иесі өмірлік жары етіп таңдаған азаматтың видеосы желіде тарап кетті. Жанар Дұғалованың ұзатылғаны жайлы ақпаратты күні кеше Мадина Сәдуақасова желіде бөліскен болатын. Сонымен қатар Сәдуақасова той соңында Жанар Дұғалованы әнімен ұзатып салды. Айта кетейік, Жанар Дұғалова осыған дейін болашақ жұбайы астаналық азамат екенін мәлім еткен болатын. Ал Мадина Сәдуақасованың айтуынша, күйеу жігіттің есімі – Ілияс.
«Жанар Дұғалова ұзатылды. Астананың келіні атанды. Енді Ілияс, қондырған құсың құтты болсын! Бақытты болыңдар, шын жүректен құттықтаймын!» – деп жазды Сәдуақасова.