Бұл сайлаудың трансформациялық әлеуеті зор – Мартин Сайдик
Бұл сайлаудың трансформациялық әлеуеті зор – Мартин Сайдик
539
оқылды
Аустрия еуропалық саясат және қауіпсіздік институтының басқарушы мүшесі және кеңесшісі Мартин Сайдик халықаралық байқаушы ретінде бүгінгі сайлауға қатысты өз пікірін білдірді. Мартин Сайдик өзін саяси процеске байқаушы ретінде қатысуға шақырған Венадағы Қазақстан елшілігіне алғыс білдіре отырып, өзі болған сайлау учаскелеріндегі жағдайды баяндап берді.
«Мен тәжірибелі сайлау байқаушысы емеспін. Алайда өзім болған екі сайлау учаскесінде ешқандай құқық бұзушылықты байқамадым. Бәрі жоғары деңгейде, заңнамаға сәйкес ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Қазақстанда мұндай процестің болып жатқаны қуантады. Сонымен қатар бұл сайлаудың трансформациялық әлеуеті зор деп есептеймін. Жаңа әрі әділетті Қазақстанды құру жолында бұл өте маңызды қадам» - деп баға берді Мартин Сайдик.