Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында таң атқаннан сайлау учаскелеріне ағылған халықтың қарасы қалың. Бұл күні қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың да өз таңдауын жасауына мүмкіндік қарастырылды.
Соның бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжанов өз таңдауын жасап, үйінде дауыс берді. Жүз жасты алқымдаған шиелілік соғыстың соңғы сардарының жай-күйі ескерусіз қалмады. Комиссия мүшелері қарияның тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, дауыс беруіне жағдай жасады.
Қарт жауынгер кемел елдің келешегі жарқын болатынына сенім білдіріп, ақ батасын берді.