Павлодар – Астана жолында көліктен түскен әйелді өзге көлік қағып кетті
Павлодар – Астана жолында көліктен түскен әйелді өзге көлік қағып кетті
Фото: kolesa_pavlodara
548
оқылды
Жол апаты тасжолдың бойында болған. Жол апатына ұшыраған Toyota Estima көлігінің суреті әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға 18 наурыз күні Қалқаман кентінің маңында болды. Шақырту сағат 00.32-де түсіп, жедел жәрдем апат орнына 10 минутта жеткен.
– Бізге берілген ақпарат бойынша автокөлік жол үстінде болған әйел адамды соғып, одан кейін жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Оқиға орнында қызметкерлер 35 жастағы әйелдің көз жұмғанын анықтады, – деді жедел жәрдем қызметкері.
Сонымен қатар жарақат алған 23 және 54 жастағы әйел адам мен 27 және 33 жастағы ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.