«AMANAT»: Жамбыл облысында жастар тазалық акциясын өткізіп жатыр
«AMANAT»: Жамбыл облысында жастар тазалық акциясын өткізіп жатыр
626
оқылды
Ел тарихындағы айтулы науқан – сайлау өз мәресіне жетті. Осы орайда «AMANAT» партиясының бастамасымен сайлаудан кейінгі тазалық жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысында да «Жастар рухының» мүшелері игі шараға үн қосып,  үгіт-насихат  парақшалары мен үнпарақтарды тазалау акциясын өткізуде.    width= Акцияда «AMANAT» партиясының мүшелері мен жастар қанатының  белсенді жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде жапсырылған парақшаларды тазартуда. Партияластар осылайша туған қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосуда. Айта кетейік, күні кеше ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті. Осылайша, қазақстандықтар тағдыршешті кезеңде өз таңдауын жасап, баянды болашақ үшін дауыс берді. Exit Poll нәтижелері бойынша «AMANAT» партиясы 53,46 пайыз дауыс жинады. Оның артында штаб мүшелері мен еріктілердің еңбегі жатыр.    width= – «AMANAT» партиясы сайлауалды науқанды асқан жауапкершілікпен, зор абыроймен өткізді деп сеніммен айта аламын. Үгіт кезеңіндегі белсенді жастарымыздың жұмысын да ерекше атап өтуге болады. Аймақ бойынша 575 белсенді жас жұмыс жасап, 376 370 дана үгіт-насихат материалдарын арнайы орындарға орналастырып, халық көп шоғырланған орындарда сайлаушыларға тарату жұмыстарын жүргізді, – дейді «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек. Тараз қаласы – еліміздегі ең таза шаһарлардың бірі. Оның тазалығына өңірдегі әрбір тұрғын жауапты. Осыны жіті түсінген «аманаттықтар» үгіт-насихат кезінде жапсырылған агитациялық материалдарды тазалап жатыр. Тілге тиек ете кетерлігі, мұндай материалдар өңірдегі 255 арнайы үгіт-насихат тақталары мен он мыңнан аса сауда орталықтарына ілінген болатын. Мереке қарсаңында «аманаттықтар» оның барлығын тазалап тастайтын болады. Еске сала кетсек, айқын басымдықпен  жеңіске жеткен «AMANAT» партиясы облыстық филиалынан партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар  Әулиеата өңірінде 8 мың іс-шара өткізіп, оған  700 мыңға жуық азамат қамтылды.