Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады деп күтілуде
Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады деп күтілуде
Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтілуде, – деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық қысымның төмен болуынан күн бұлтты болады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түседі деп күтілуде, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Жылдың осы уақытында температуралық фон қолайлы болады.