Шымкент қаласында жер сілкінді
Шымкент қаласында жер сілкінді
15,389
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкентте жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді. Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 16.1. MPV магнитудасы 7.8. Эпицентрдің координаттары 37.00° С. Е. 71.12° ш. б. тереңдігі 120 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қаласында 3 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ", – деп хабарлады ТЖД  қоғаммен байланыс тобы.