Кеше, 21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті. Оның басты оқиғасы – Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі. Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күрескен. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Менесес еді.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. 10-раундтың басында мексикалық жарақат алған. Соған қарамастан дәрігер оған жекпе-жекті өткізуге рұқсат берген. Бірақ командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Осылайша, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Әлі жеңіліп көрмеген Тұраровтың бұл – 27-жеңісі. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы атанды.