Ләйлә Сұлтанқызы оқушыға домбыра сыйламақ
Ләйлә Сұлтанқызы оқушыға домбыра сыйламақ
878
оқылды
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Жүрек жылуы» акциясын қолдап, 2-сынып оқушысына домбыра алып беретін болды.  «Өздеріңіз білетіндей, Президентіміз «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясына қолдау көрсетті. Әнуардың (Jibek Joly телеарнасы жаңалықтар қызметінің жүргізушісі) көмегімен таңдалған хаттың иесі 2-сынып оқушысы Алтынбектен келіпті. «Домбыра үйренгім келіп жүр, домбырам болса ғой, болғанын қалаймын» деп жазыпты. Міндетті түрде, Астанаға келгенде өзіңе үкілі домбыраны сыйлаймын, балақай!», – деп жазды  тележүргізуші Instagram-парақшасында. Сонымен қатар ол қайырымдылық акция эстафетасын әріптесі Айгүл Мүкейге және белгілі каскадер Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинге жолдады. «Баршаларыңызды қайырымдылық жасауға шақырамын!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.