Алматыдағы Almaty Resort емдеу-сауықтыру кешені мерекелік бағдарлама әзірледі
Алматыдағы Almaty Resort емдеу-сауықтыру кешені мерекелік бағдарлама әзірледі
395
оқылды
Наурыз мерекесіне орай Алматыдағы "Almaty Resort " емдеу-сауықтыру кешені  келушілеріне үлкен мерекелік бағдарлама әзірледі. Қонақтар эстрада жұлдыздарының концертін тамашалап, ұлттық ойындар, түрлі байқауларға қатысты. Ұлттық мереке қонақтардың есінде қалуы үшін ұйымдастырушылар дастархан жайып, наурыз көже дайындалды. Тіпті ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттай отырып, қыз ұзатылып, беташар айтылды. Сауықтыру орталығының қызметкерлері келген қонақтарға тұсау кесерден көрініс жасап, қойылым қойды. – Бүгін Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Бізді құттықтаған қонақтарымызға алғысымды білдіремін. Әрбір қонақтарымызға, қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және бейбіт заман тілейміз. 23 наурызда қасиетті Рамазан айының құрметіне ораза басталады, – деді мекеме директоры Гүлжанат Аманжолқызы.