Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысын Қазақстан құрамасы жеңіліспен бастады.
"Астана арена" стадионында өткен іріктеу матчы аясында Қазақстан құрамасы Словениядан 1:2 есебімен жеңілді.
Кездесудің 24-минутында Максим Самородов есепті ашты. Екінші кезеңде словениялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды.
Нәтижесінде 47-минутта Давид Брекало көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 78-минутта Жан Випотник Словенияны алға шығарды.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 26 наурызда елордада Дания құрамасына қарсы өткізеді.