Бүгін Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев заңсыз арақ-шарап сататын дүкенді көрсетіп, оның жұмысын әшкерелегендерге сыйақы беретінін жариялады.
Ол туризм, салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін жағдай жасап, қауіпсіздікті күшейтетінін айтты.
Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев: «Егер кімде-кім Текелі қаласындағы заңсыз сатылып жатқан арақ-шарапты анықтап, әшкерлеп беретін болса, мен өз жалақымды беруге дайынмын», – деді.
Ең бастысы, кенді шаһарды инвесторлар қызыға қарайтын қалаға айналдыру керектігін атап өтті. Осы мақсатта қолға алынып отырған бірқатар шараға тоқталды.
Мәселен, енді тұрғындардың әрбір игі ісі әлеуметтік желі мен баспасөз беттерінде кеңінен насихатталады. Қайырымды жандарға сыйлық беру ойластырылған.
Заңды бұзатындармен күресте де осындай тәсіл қолданылмақ.