Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды
Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды
Фото: orda.kz
1,722
оқылды
Кеше сағат 07:50-де Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршауды қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13:00-де қалпына келтірілді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес, комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың 2-і жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу желісінің температурасы – 70/46 градус, графикте – 45/35 градус.