Қызылорда облысында 2 жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды
Қызылорда облысында 2 жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды
Фото: 24.kz
678
оқылды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды.
«Бүгін сағат 13:54-те Департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама келді: Жаңақорған ауданы Қандөз ауылы С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туған Түркістан облысы Сауран ауданы Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болды», – делінген Қызылорда облысы ТЖД хабарламасында.
Белгілі болғандай, қайтыс болған бала Жаңақорған ауданы Қандөз ауылы С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.