«ҚТЖ» қызметкерлері ақша жымқырған
«ҚТЖ» қызметкерлері ақша жымқырған
633
оқылды
Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алматы филиалында аса ірі көлемде қаржы жымқырудың қылмыстық схемасының белгілерін анықтады. Тергеу мәліметінше, жалақыны есептеу үшін «SAP HRP» бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтық әрекет ашылған.
«Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға берілген. Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды», – делінген хабарламада.
Бұл кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 миллион теңгеден аса ақша ұрлағаны үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталған болатын. Яғни, қылмыстың осы түрі кең таралған болуы мүмкін.