Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды
Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды
442
оқылды
Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды. Қаржы мониторингі агент­тігінің мәліметінше, ведомствоның Астана қаласы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп Qnet қаржылық пирамидасын құруға және басқаруға қатысы бар деген адамды анықтаған.
«Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген. Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіп­керлік қызметке пайдаланбай, Qnet қаржы пирамида­сының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылған. Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасы­рылған», – делінген хабарламада.
Бірқатар шет елде Qnet компаниясы қаржы пирамидасы деп танылып үлгерген. Сондай-ақ оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне қосты. Өкілетті орган­ның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 миллион теңгені құрады. Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға қамауда ұстау шарасына санкция берді.

М.ХАҚНАЗАР