Ауқымды инвестиция тарту маңызды
Ауқымды инвестиция тарту маңызды
455
оқылды
Мемлекет басшысы «Астана» халық­аралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің ин­вестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стра­тегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыс­тары туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысына орнықты қаржылан­дыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақ­сатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел эконо­микасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Кездесу соңында Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.