– Наурыз – табиғаттың жаңаруы мен оянуының мерекесі! Ұлыстың ұлы мерекесінде тілеген ақ тілектеріңіз орындалсын! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағымыз жарасып, мемлекетіміз әрдайым көркейе берсін. Әр шаңыраққа бақыт, береке тілеймін! – деп қарағандылықтарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.Наурыз – түрлі халықтарды біріктірген жалпыға ортақ сүйікті мереке.
– Біздің көпұлтты елімізде Наурызды атап өтуді ұнатпайтын адам жоқ шығар. Бұл көктемнің керемет жаңару мерекесі, біз бәріміз оны жақсы өзгерістердің басталуымен байланыстырамыз. Мен әркімнің арманы міндетті түрде орындалатынына сенемін, – дейді корейлердің облыстық этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким.Барлық үйлерде бейбітшілік пен өркендеу, «Полония» облыстық поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский Наурызда бақыт пен амандық тіледі. Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған айтысты ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы. «Армысың, әз-Наурыз» республикалық айтысы екі кезеңнен тұрды – іріктеу және қорытынды. Бас жүлдеге Қызылорда облысынан Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орынды Ұлытау облысынан Төлеген Жаманов иеленді. Екінші орынды Мұрадым Мирланов (БҚО) пен Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды) өзара бөлісті. Үшінші орын Қарағанды облысының екі ақыны – Мақсат Аханов пен Дидар Қамиға берілді. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Қарағанды облысы