2,5 метр: 17 жасынан сақалын өсірген ер адам рекорд жаңартты
2,5 метр: 17 жасынан сақалын өсірген ер адам рекорд жаңартты
633
оқылды
Әлемдегі ең ұзын сақалдың иесі ретінде танылған Канаданың британдық Колумбия штатындағы Сарри қаласының тұрғыны Сикх Сарван Сингх екінші рет өзінің рекордын жаңартып, сақалын 2,54 метрге дейін өсірді. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайтында жарияланды. Сикх Сарван Сингх 17 жасынан бастап сақал өсірген. Ол Канадаға алтын ғибадатханада діни гимндерді айтуға шақырылғанда алғаш келген. Кейін жергілікті қауым оның қалып, гурудың ілімдерін үйретуін өтінді. Ол алғаш рет 2008 жылы сақалының ұзындығын өлшеген. Сақалы 2,33 метр болған кезде ер адам алдыңғы рекордты жаңартып, әлемдегі ең ұзын сақалдың иесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның алдында бұл атаққа сақалы 1,77 метр болған швециялық Биргер Пеллас болған еді. Қазір оның сақалының ұзындығы 2,54 метрді құрайды. Сарван ешқашан сақалын қимаған және күн сайын мұқият қарап, жуады, кептіреді, кондиционер мен май жағып, содан кейін тарайды. Күтімнің қиындығына қарамастан, ер адам сақалын жақсы көреді. Ол әдетте күндіз сақалын байлап қояды. Ал арнайы шаралар мен діни рәсімдерде сақалын босатып жүреді. Сарван сақалын Құдайдың сыйы деп рекордын мақтан тұтады.