Қызылорда облысында суға батып кеткен балықшының денесі табылды
Қызылорда облысында суға батып кеткен балықшының денесі табылды
1,152
оқылды
Қызылорда облысында қайық аударылып, балықшы суға кетті. 24 наурызында сағат 00.25-те Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына бір адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
«1962 жылы туған азамат Қармақшы ауданының Қуаңдария ауылындағы «Жеті көл» көліне балық аулауға барған.  Балық аулау кезінде ағаш қайығы аударылып, оқиға салдарынан суға батып кетті. Сағат 23.11 шамасында оның денесін жергілікті тұрғындар өз күшімен судан  алып  шыққан»,  – делінген хабарламада.