Түркістан облысында 4 жасар қыздың денесі табылды
Түркістан облысында 4 жасар қыздың денесі табылды
Фото: ortcom.kz
823
оқылды
Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан. Оқиға орнына Түркістан облысының және Шымкент қаласының ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері барды.