Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
700
оқылды
Қазақстанның Ұлттық банкі доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі. Бүгін, 27 наурызда доллар бағамы біршама арзандап 457,29 теңге болып бекітілді. Өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 462,36 теңге болған. Ресей рублінің ресми бағамы 5,97 теңге болды. Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 456 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада орташа есеппен 455 теңгеден сатып алынып, 458 теңгеден сатылып жатыр. Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: USD / KZT – 457,29 (АҚШ доллары) EUR / KZT – 490,35 (еуро) RUB / KZT – 5,97 (ресейлік рубль) TRY / KZT – 23,98 (түрік лирасы) CNY / KZT – 66,5 (қытай юані) KGS / KZT – 5,23 (қырғыз сомы) UZS / KZT – 4,02 (өзбек сомы).