Шымкентке олимпиадаға келген оқушылар астан уланған болуы мүмкін
Шымкентке олимпиадаға келген оқушылар астан уланған болуы мүмкін
323
оқылды
Шымкентте наурыздың 20-25 аралығында жаратылыстану-математика бағытында республикалық олимпиада өткізіліп, оның барысында 15 оқушы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Осыған қатысты Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсінік берді
«25 наурызда 15 науқас бала сауығып, стационардан шығарылды. Барлығында бактериологиялық зерттеулер нәтижесі – теріс. Оларға «Басқа және анықталмаған гастроэнтерит және инфекциялық колит» қорытынды диагнозы қойылды. Сондай-ақ, 23 наурызда №5 жатақханада тұратын 1 олимпиадаға қатысушы «желшешек» диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, бүгінде сонда ем қабылдап жатыр» - деді Алдарқұл Ахметов.
Сондай-ақ, СЭҚБ мамандары жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде біршама шаралар қабылданған.
«23 наурыздан бастап №5 жатақханада тұратын олимпиадаға қатысушыларды тамақтандыру №1 қалалық мектеп-гимназиясының асханасына ауыстырылды. Берілген ұсыныстарға сәйкес, оқушылардың қатысуымен өтетін олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі тоқтатылды. 2023 жылдың 3-8 сәуірінде Шымкент қаласында өткізу жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың форматы қайта қаралып, олимпиада аймақтарда өткізілетін болды» - деді ол.