Су добынан Cингапурдегі Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанды.
Қазақстандық спортшылар қатарынан бес кездесуде жеңіске жетті. Топтық кезеңде құрамалар әрбір қарсыласымен екі ойын өткізді. Нәтижесінде, олар Сингапурды 12:7, 13:2, Таиландты 16:10, 13:8 есебімен жеңді. Сондай-ақ олар Өзбекстаннан 11:9 есебімен басым түсті. Осылайша, қазақстандық спортшылар 15 ұпай жинап, бас жүлде тағдырын күні бұрын шешті.
Ал еліміздің ерлер құрамасы жартылай финалда Қытайға 1:10 есебімен жол берді.