Шымкентте 15 жастағы жасөспірім иіс тиіп қайтыс болды
Шымкентте 15 жастағы жасөспірім иіс тиіп қайтыс болды
448
оқылды
Шымкенттегі үйлердің бірінде 15 жастағы бала иіс тиіп, көз жұмды, — деп хабарлады otyrar.kz сайты. Қайғылы жағдай 26 наурыз күні Ерімбетов көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған. 15 жастағы жеткіншек пен оның 12 жастағы інісіне иіс тиген. Бұл туралы “ҚазТрансГазАймақ” кәсіпорнының Шымкент өндірістік филиалынан хабарланды. 12 жастағы бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ал оның ағасы оқиға орнында мерт болған. Оқиға орнына жеткен апат бригадасы көптеген келеңсіздікті анықтады.
«Су жылытатын құрылғының түтін шығатын құбыры қабырға арқылы сыртқа шығарылған және оның жан-жағы полиэтилен пакетпен бекітілген. Су жылытатын құрылғының мұржасы түтінді сыртқа тартпайды. Үй ішіндегі газ құрылғыларына қызмет көрсететін мекемемен келісім жасалмаған», — делінген газбен қамтамасыз ету компаниясының хабарламасында.