Мемлекет басшысы: Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды
Мемлекет басшысы: Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды
533
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында жақында өткен Мәжіліс сайлауына тоқталып, саяси науқанға белсене қатысқан азаматтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттарының жаңа құрамының ерекшелігін де атап өтті.
– Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы! Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды.Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.