Премьер-министрдің кандидатурасын «AMANAT» партиясы ұсынады
Премьер-министрдің кандидатурасын «AMANAT» партиясы ұсынады
418
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «AMANAT» партиясы ұсынатынын мәлімдеді.
«Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес келеді.
«Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.