«Жаңбыр жауады, елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында батыста қатты жаңбыр жауады, шығыста және оңтүстікте, елдің оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонының әсерінен солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, республиканың көп бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр», – делінген хабарламада.Елдің батыс аумағында ауа температурасы түнде +2+7°С дейін, күндіз +7+15°С дейін жылыса, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің орталығында температура түнде -7-13°С аязға дейін, күндіз -2+3°С дейін, шығыста түнде -10-22°С аязға дейін, күндіз -5+3°С дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде түнде 0-5°С, күндіз +3+13°С жылиды.
"22 градус аяз болады": 30 наурыз-1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

2,220
оқылды
оқылды