Мемлекет басшысы Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
852
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламент  Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев,  Respublica  партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.