Ақтөбе облысында қаржылық пирамиданың басшысы ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаменті “Выгодный займ” ЖШС жетекшісі Ж. Т.Есіркеповті ұстады. Ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Ж.Т. Есіркепов 22 ақпанынан бастап “Қаржы пирамидаларын құру және басқару” бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабының 3-бөлімімен қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде болды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысы полиция департаменті қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтарды кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласуларын сұрайды.