Үш әйелі бар алматылық жігіттің отбасылық өмірі қалай өтіп жатыр
Үш әйелі бар алматылық жігіттің отбасылық өмірі қалай өтіп жатыр
22,465
оқылды
Дәл қазір әлеуметтік желіде бірнеше келіншегі бар Ақылбек Меңдіғалиұлы есімді ер кісінің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы. Көп әйелдің көңілін тапқан 34 жастағы алматылық жігіт жеке кәсіпкер екен. Сөзіне сенсек, ол өзінің некелі үш келіншегінің үйіне кезектесіп екі күннен қонады екен. Ақылбек Меңдіғалиұлы мұндай шешім қабылдауының себебін де түсіндіріп берді.
"Ең бірінші себеп – нәпсі. Нәпсіні адал жолмен тыю. Содан кейін ұрпағыңның көбейгені жақсы. Артыңнан 12-13 балаң қалса жақсы ғой. Тым құрығында біреуі елге адал қызмет жасайтын алып тұлға болар ма еді деген үміт қой. Үш қатынды басқару үшін, ұстау үшін мінез керек. Негізі о баста бірінші қатынды таңдаған кезде 15 қызға ұсыныс жасағанмын. Сол кезде психологиялық тұрғыда дайын болсын деп, бәріне бірнеше қатын алатынымды айтатынмын. Сөйтіп көнгенін алдық қой", – дейді Ақылбек Меңді ғалиұлы.
Үш әйелді қатар өмірлік жары еткен еркек бұл сұхбатында бүгінде жасы отызға келсе де отбасын құрмаған жігіттерді қатаң сынға алып, әлі тұрмысқа шықпаған қыздарға ақыл-кеңесін айтқан.
"Шұғыл түрде жігіттер үйленіп, қыздар байға тиіңдер. Егер де қыздарға бірінші, екінші, үшінші, төртінші әйел болу туралы ұсыныс түссе, еш ойланбастан шыға беру керек. Дүниесіне, дәулетіне қарап шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Ал үйленбеген жігіттерді "ешак" деп айтар едім. Рас қой, 25 жастан асып үйленбей жүрген жігіттер өте көп. Ақиқатында, өмір деген қасыңдағы серігіңмен қызық қой. Бауырлар, шұғыл түрде үйленіңдер", – деді әлгі еркек.
Сондай-ақ ол екінші әйел үшін бәйбішеден рұқсат сұрау – нағыз ақымақтық деп отыр.
"Кез келген еркек көп қатынды қалайды. "Басқа әйелді алу үшін бәйбішенің рұқсаты керек" деп айтатын ақымақтарды атып тастаудың өзі аздық ететін шығар. Әрине, бірінші қатынның рұқсаты керек емес. Оның рұқсаты қажет болса сен неменеге еркек болып жүрсің? Тек қана сый-құрмет көрсет. Мен бірінші әйелімнен рұқсат сұраған жоқпын", – деді үш әйелі бар жігіт.