Кеше Астанада 5 кәсіпкердің жазықсыз сотталуына наразы бір топ адвокат БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді. Олардың сөзінше, кәсіпкерлер істемеген ісі үшін жауапқа тартылып жатыр. Тіпті, қылмыстық іс болмады деп есептейді қорғаушылар. Сондықтан Мұрат Жаңабергенов, Шалқар Төлегенов, Азамат Төлегенов, Александр Тиманов және Мөлдір Бекбайдың жазықсыз сотталуына қатысты бір топ адвокат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, әділ үкімет әділ шешім шығарады деп сенім білдіріп отыр.
Істің ушығуына не себеп?
Естеріңізде болса, осыдан үш-төрт жыл бұрын елорда іргесіндегі Қызылсуат ауылының халқы кеш қарайса, «көзге көрінбейміз» деп өкпе-назын білдірген. Біраз бұқаралық ақпарат құралдары да шулатып, ауыл балаларының сабақ оқи алмай, шаммен отырғанын жазған болатын. Сөйтіп, Қызылсуат ауылына жарық тарту мемлекет тарапынан қолға алынып, 2019 жылдың 25 қыркүйегінде электрстансасы салынып, пайдалануға берілген. Ол Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің қарамағына қарайды. Қазір ауылда жарық бар, тұрғындар күнделікті күйбең тірлігімен тіршілік етуде. Алайда уақыт өте өңірлік прокуратура ауылға жарық тартумен айналысқан кәсіпкерлерге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып, қылмыстық іс қозғалған. [caption id="attachment_247077" align="alignnone" width="1200"]Кәсіпкерлер жазықсыз ба?
Қызылсуат ауылында электрмен қамту құрылысын жүзеге асырған ұйым басшыларының қорғаушысы Гүлзейнеп Сұлтанованың айтуынша, ауылға жарық тарту жобасы негізі 2013 жылы әзірленген. Ал құрылыс 2017 жылы басталған. «Төрт жыл айырмашылық бар. Осы төрт жылда біздің экономикада бірқатар өзгеріс болды. Ол: девальвация, материалдың қымбаттауы, логистиканың күрделенуі. Біздің мердігерлер жұмысқа кіріскенде жобаға сай нысан салу мүмкін емес екенін көреді» деген ол осыған қатысты сот отырысында дәлелдер де көрсетілгенін айтты. Содан мердігерлер ол жұмысты қайтадан жөнге келтіріп, қайта келісім жасаған. Оған тапсырушы әкімдік, мердігер, техникалық және авторлық бақылау өкілдері қол қойған. [caption id="attachment_247071" align="alignnone" width="1200"]Әкімдіктің шағымы жоқ
Адвокат Мәкіш Есқараев кәсіпкерлер жобада болмаған 4 көшені электрмен қамтығанын жеткізді. Оның айтуынша, жобада көрсетілмеген жерлерге үй түскен, соларға да жарық тартылды. «Бұл – халық үшін жасалған дүние. Сот пен прокуратура оны назарға алмай отыр. Еліміздегі соттың әділеттігі құлдырап барады. Оның салдары халық үшін қауіпті. Халық үшін жұмыс істеп жатқандар болашақта заңмен қорғалмаса, ешкім жұмыс істемейтін болады» деген пікірін білдірді қорғаушы. – Қондырғыны әкімдікке тапсырған. Оның үстіне бағана көрсетілген 1,3 трлн теңге әу басында, яғни 2013 жылы жобаға салынған. Егер оның сметасын 2019 жылмен есептесек, шығын бұдан екі есе көбейер еді. Бірақ тапсырыс беруші де, орындаушы да Ақмола облыстық ЭС-ның қойған талабын сақтай отырып, ақыны өсірместен ауылға жарық тартуға бел буады. Тіпті, ауыстырылған құрылғылардың сапасынан кем түспейтінін және құжатта көрсетілгеннен мықты екенін маман дәлелдеген болатын. Алайда артынан Ақмола облысының прокуратурасы мен Экономикалық тергеу департаменті талап еткендей теріс пікір бергенін мойындаған. Тіпті, әкімдік тапсырысты орындаушылар мен мердігерлерге шағымданбаған. Құрылыстың дұрыс аяқталғаны жөнінде құжат та бар, – деді Есқараев. [caption id="attachment_247073" align="alignleft" width="480"]Кәсіпкерлердің қамауда жатқанына жыл асты
Қорғаушылар айыптау актісі көшірілгенін және Бас прокуратураның «негізсіз қозғалған істің жабылуын» талап еткен шешімін жергілікті заң органдары құлақ аспағанын сөз етті. Соңғы он айдың ішінде облысқа 30-дан астам өтініш жазып, істің дұрыс қаралуын талап еткен. «Президентіміз құқық қорғау органдарының қиялынан туған қылмыстық істерді тез арада Бас прокуратура тоқтатуы керек. Мемлекеттік қызметкерлердің бизнеске заңсыз араласуы және оған кедергі келтіруі ауыр қылмыс ретінде саналуы керек. Бұл әрекет етуге итермелейді. Алайда біз көргендей, Ақмола облысының экономикалық тергеу департаменті шулы істерді тергеуге құнығып, облыстық прокуратура қадағалау органынан айыптау органына айналған. Сот қадағалау органы мен тергеу органына жалтақтап отыр. Олар Президенттің тапсырмасын орындамақ түгілі, заңды да сақтамай отыр», – дейді Анар Құсайынова. Оның айтуынша, судья Валитова өзінің шешімінде нормативтік бұйрықтың 18-тармағына сілтеме жасаған, онда егер кінәлі лауазымдық құзырын қолданса, қосымша біліктілік талап етілмейді деген. Соған қарамастан ол Мұрат Жаңабергенов, яғни ТКШ-ның бұрынғы басшысы 361 және 189-бап бойынша соттады. «Бірақ егер білікті маман болса, екі бірдей бап берілмейтінін білуі керек еді. Тіпті, жымқырылғаны дәлелденсе де, 361-бап берілмеуі тиіс. Ең қызығы, бұл шешімді аудандық прокурор қолдап-қуаттайды. Тіпті, Целиноград ауданының прокуроры Базарбаев мемлекеттік айыпталушының қатесін түзету үшін қосымша жазаны 8-ден 10 жылға ұлғайтуды сұраған. Осыдан-ақ аудандық прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін көруге болады. Сондықтан Ақмола облысының прокуроры Майлыбаев осындай бассыздыққа назар аударар деп үміттенемін, – дейді Анар Құсайынова. [caption id="attachment_247076" align="alignnone" width="1200"]