Семейде сенбілікке 10 000-нан астам адам қатысты
Семейде сенбілікке 10 000-нан астам адам қатысты
603
оқылды
Бүгін, 1 сәуірде Семей қаласында "Таза табиғат" акциясы және көктемгі экологиялық екі айлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтуде. Оған 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 10 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты. Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері, жеке сектордың үй иелері шықты. Санитарлық тазалауды және қоқысты жинауды қамтамасыз етуге арнайы техника, оның ішінде 20 тиегіш пен 50 самосвал көлігі жұмылдырылды. Сағат 13.00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 200 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды. Семей қаласы әкімінің аппараты бүгінгі сенбілікке қатысқан қаламыздың барлық қамқор тұрғындарына өз алғысын білдіреді. Тазалық өзімізден басталады!