Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді – Ұлттық экономика министрлігі
Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді – Ұлттық экономика министрлігі
Фото: REUTERS
560
оқылды
Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды пайдалану үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырды. Аталған міндетті іске асыру үшін ірі коммерциялық кәсіпорындарға сараланған тарифтерді енгізу, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады. Бұл өз кезегінде газды үнемді пайдалануға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік әділ құнын белгілеуге ықпал етеді», – деді Ә.Қуантыров.