Алмасадам Сәтқалиев пен Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды
Алмасадам Сәтқалиев пен Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды
© azattyq-ruhy.kz
374
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев пен Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Ал Болат Ақшолақов Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «механик, қолданбалы математик» мамандығы бойынша, Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. 1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» АҚ-да менеджер, Клиринг департаментінің бастығы, Жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарған. 2001-2006 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды. 2006-2007 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды. 2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып қызмет атқарды. 2008-2009 жылдары – «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ бірінші вице-президенті болды. 2009-2011 жылдары – «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ президенті. 2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды. 2011-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы болды. 2018-2021 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2021 жылдың нарыз айынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.   Болат Ақшолақов 1971 жылы 9 сәуірде Гурьев қаласында (Атырау) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, есеп және экономикалық кибернетика факультетін, мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын бітірген. Мамандығы — «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы». Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған. 1995-1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры. 1997-2001 жылдары – «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары – Commonwealth and British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры. 2003-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы диекторы. 2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі. 2009-2010 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры. 2010-2011 жылдары – жекеменшік ұйымда бас директор. 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып тағайындалды. 2012-2014 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі. 2014-2017 жылдары — жеке компанияның бас директоры. 2016-2017 жылдары – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі. 2019 жылдан 2021 жылға дейін «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры болып жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары – жекеменшік ұйымда басшылық қызмет атқарды. 2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін  – «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Энергетика министрі болып қызмет атқарды.