Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты
Фото: kapital.kz
1,207
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
«Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалсын. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген Жарлықта.
Асхат Жұмағали 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген. II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған. 2001-2010 жылдары – прокуратурада түрлі лауазымды қызмет атқарды. Атап айтқанда, Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, Бас прокуратураның алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Бас прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарған. 2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, тергеу департаментінің бастығы; 2014-2016 жылдары – ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі; 2016-2018 жылдары – ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры; 2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары; 2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы; 2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы; 2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы. 2022 жылы 7 наурыздан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.