Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
743
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. «Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді. Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды», - деп жазылған ақпарат көзінде. Бұған дейін хабарланғанындай, ҰҚШҰ-ға мүше елдерде биыл кешенді оқу-жаттығулар өтеді.