– Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы мен сапер мамандар аттанды. Табылған жарылғыш заттар 3 танкіге қарсы миналар мен 6 жаяу әскерлерге қарсы мина мен 5 Ф-1 және РГД-5 гранаталары болып шықты. Тексеріс жүргізу барысында аталған миналар оқу-жаттығуға арналған және адам өміріне қауіпсіз деген қорытынды жасалды, – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Полиция сапер бригадасымен бірге аталған маңды түгелдей шолып шыққан. Бірақ жарылғыш затқа ұқсас заттар табылмапты. Жарылғыш заттардың табылуы полициямен сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне тіркеліп сараптамалар тағайындалған. Құқық қорғаушылар қазір аталған жарылғыш заттардың айдалада қалай қалып қою мүмкін екенін анықтап жатыр.
Ақмола облысы