Қайсар Абдалиев Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалды
Қайсар Абдалиев Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалды
765
оқылды
Меритократия принципі бойынша Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайсар Абдалиев тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа басшыны ұжымға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Қайсар Қайратұлы Абдалиев 2012 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Емдеу ісі» мамандығын, 2017 жылы КазГЮУ университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған. Денсаулық сақтау министрлігінде 5 жылдан астам қызмет атқарып, соңғы 3 жылда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған. Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған. 02.02.2016-02.05.2016 жылдар аралығында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы; 03.05.2016-28.02.2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Стационарлық медициналық көмек басқармасының сарапшысы; 01.03.2017-09.05.2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының сарапшысы; 10.05.2017-10.10.2019 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі  Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының бас сарапшысы; 11.10.2019-19.08.2020 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы; 20.08.2020-04.01.2021 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы; 2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.