«Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтты», – делінген хабарламада.Рәсім соңында Президент елшілердің алдағы қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.