Жүргізушісі жоқ автобустың жаяу жүргінші жолағынан өткелі тұрған адамдарды басып өткені түсіп қалған видео жарияланды. Айта кетсек, кеше кешке Шымкентте автобус адамдарды қағып кеткен еді. Соның салдарынан бірнеше адам көз жұмған болатын. Видеоны Otyrar телеарнасы Telegram арнасына жариялады. Шымкент қаласының ПД жедел-тергеу тобы жүргізушінің соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.