Батыс Қазақстанда 6-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті
Батыс Қазақстанда 6-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: ПД-нен алынды
1,216
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 6-сынып оқушысы Әйтекеби Балмағамбет үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. «Мой город» басылымының жазуынша, 10 сәуір күні сағат 21.00-ден кейін бала хабар-ошарсыз кеткен. Бала қара күрте, көк шалбар, қара қалпақ және қара етік киген. Облыстық полиция департаменті баланы көргендер болса Бәйтерек аудандық ішкі істер бөліміне 8 (71130) 22-002, 22-448, 8 705 515 80 70 телефонына немесе полиция бөліміне хабарлауды сұрайды: 102 , 8 (7112) 51 04 50, 92 10 26. Бұған дейін Түркістан облысында жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың мәйіті табылғаны туралы жазған болатынбыз.