Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: novosti-saratova.ru
627
оқылды
Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының мәліметінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған. Өкінішке қарай, биіктен құлаған баланы құтқара алмады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. «Баланың терезеден құлағаны туралы шақырту сағат 18.32-де  түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», – делінген ресми хабарламада.  Бала оқиға орнында көз жұмды. Бұған дейін балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел туралы жазған болатынбыз.